Д.Ахметов бұл жолғы сайлауда қолданылған «Сайлау» жүйесі Қазақстанды осындай жүйені қолданатын жоғары дамыған елдердің қатарына қосты деп атап көрсетті. «Бүкіл дүниежүзі осы бағытқа бет бұрды»,- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметов жүйе жоғары деңгейде қорғалғандықтан, өзінің сайлауда кім үшін дауыс бергенін «ешкім біле алмайды» дегенге сенім білдірді.