Елбасы Қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне келуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне келуге шақырды

Елбасы Қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне келуге шақырды

"Мен Қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне келуге шақырамын және сайлау ашық әрі әділ өтеді дегенге сенім білдіремін",- деді бүгін, 19-қыркүйекте Астанадағы №2 сайлау учаскесінде дауыс берген республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 19 Қыркүйек 2004
  • 336
Фото - Caravan.kz

«Бұл сайлау бұрынғыдан өзгеше жағдайда өткізілуде» деп атап көрсеткен Елбасы осы қарсаңда Қазақстанда «Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізілгенін, «Саяси партиялар туралы» жаңа заң қабылданғанын еске салды. Сондай-ақ,

«алыс және жақын шетелдерден мыңнан астам бақылаушы сайлау барысын қадағалауда. Бұл бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш»,- деді президент.
Н.Назарбаевтың айтуынша, бұл жолғы сайлауда «халық айрықша белсенділік танытып отыр». «Мәжілістегі әрбір орынға 9 адам таласуда»,- деді ол. Бұл сайлау сондай-ақ еліміз үшін айрықша маңызды бағдарламалар — Тұрғын үй, Индустриялық-инновациялық, Мәдени мұра бағдарламалары жүзеге асырылып жатқан жағдайда өткізілгендігімен ерекше, деді Елбасы.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы тұрақтылық пен халықтар арасындағы достық үшін дауыс береді дегенге сенім білдірді.

Перейти к новостям спорта