Анар Жолдыбаева: «Алған білімімді жұмысыма енгізіп жатырмын» - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анар Жолдыбаева: «Алған білімімді жұмысыма енгізіп жатырмын»

Анар Жолдыбаева: «Алған білімімді жұмысыма енгізіп жатырмын»

Түркістан қаласындағы «Қамқорлық» орталығының жетекшісі Анар Жолдыбаева 30 жылдан астам уақыт балалар дәрігері-реабилитолог болып жұмыс істейді. Жоғары санатты дәрігер болса да, бұған дейін мұны ортаға бейімделу, өзіне қызмет көрсету сынды оңалту саласын жалпылама білгенін айтады. Қазір арнайы курстан білгенін тереңдетіп оқып, баланың қимыл-қозғалысын, жүріс-тұрысын оңалтуға кіріскен.

  • 23 Қазан 2023
  • 7303
Фото - Caravan.kz

«Бізге көршілес елдердің мамандары сабақ өтіп жатыр. Баланы оңалту, диагнозын анықтау секілді алған білімімді өзімнің қызметіме енгізіп жатырмын. Қазір мамандарды үйретіп, жұмысты ширатыпп, қай мақсатта, қай бағытта жұмыс істеп жатқанымыз жүйеленіп келеді. Әрбір маман білімін жетілдіріп отырса және жұмыстан нәтиже болса деймін, біздің мақсат сол», — дейді «Қамқорлық» орталығының жетекшісі Анар Жолдыбаева.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2019 жылдан бері іске асқан инклюзияны дамыту жөніндегі «Қамқорлық» жобасының маңызы зор. Бүгінге дейін 14 оңалту орталығы, 11 ерте араласу орталығы, аутизмі бар балаларға арналған 4 орталық пен 16 инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Бұл облыстық әкімдіктің қолдауымен «Қамқорлық қоры» КҚ жүзеге асырып отыр. Ал оңалту үшін жолдаманы ата-аналар тұрғылықты жері бойынша орналасқан емханадан ала алады.