Республикалық санэпидстанция "Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапа" халықаралық қорының алтын медаліне ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық санэпидстанция "Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапа" халықаралық қорының алтын медаліне ие болды

Республикалық санэпидстанция "Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапа" халықаралық қорының алтын медаліне ие болды

Республикалық санэпидстанция "Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапа" халықаралық қорының алтын медаліне ие болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РСЭС-тің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Қыркүйек 2004
  • 414
Фото - Caravan.kz

Бұл сыйлық түрлі елдердің елшіліктері мен өкілдіктерінің нұсқауы бойынша 2004-жылдың 17-қыркүйегінде Женевада табыс етілген. Республикалық санэпидстанция мұндай марапатқа жоғары корпоративтік жетістіктері, озық технологияларды қолданғаны, жоғары сапалы қызмет көрсеткені, қызметкерлерінің біліктілігі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты үшін лайық деп танылған.

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл сыйлық «тек Республикалық санэпидстанция ұжымының ғана емес, сондай-ақ, жалпы Қазақстан Республикасының санитарлық эпидемиологиялық қызметінің жұмысына берілген жоғары баға болмақ».
Сыйлықты Республикалық санэпидстанция ұжымына табыс ету рәсімі бүгін, 20-қыркүйекте Алматыда өтеді.