Қауымдастықтың вице-президенті Павел Лобачевтың айтуынша, «дауыс беру барысында жеңіл-желпі заң бұзушылықтар ғана болды». Сондай-ақ, сайлау учаскелерінің тең жартысынан астамында бақылашылардың ескертуінен кейін сайлау комиссиясының мүшелері жұмыс барысындағы кемшіліктерді жойды.
Қауымдастық дайындаған алдын-ала баяндамада атап көрсетілгеніндей, «сайлаушылар тізімін дұрыс жасамау оқиғалары барлық жерде бірдей тіркелді». «Бұл құбылыстың жалпыхалықтық сипатқа көшкені соншалық, ҚР заңдарында қосымша тізім жасау қарастырылмағанына қарамастан, сайлау комиссияларының басым бөлігі округтік комитетпен келісу негізінде тұрғылықты жерінен алған анықтамаға сүйеніп сайлаушыларды қосымша тізімге енгізді».
Қауымдастық бақылаушысы, «Голос России» ұйымының өкілі Лилия Шебанованың айтуынша, «тұтастай алғанда, сайлау жақсы әсер қалдырды». Ол сайлаудың жақсы ұйымдастырылғанын, «саяси бәсекелестіктің жоғарылығын» және саяси партиялардан тағайындалған бақылаушылардың сауаттылығын атап өтті. «Қазақстанда демократияның гүлденуі үшін көп нәрсе жасалуда»,- дейді Л.Шебанова.
Қауымдастық өкілдері сондай-ақ сайлау қарсаңында электронды дауыс берумен бірге қағаз бюллетеньдермен баламалы дауыс беру мүмкіндігі туралы «жақсы шешім» қабылданғанына ерекше тоқталды. Жалпы алғанда қауымдастық өкілдері «Сайлау» жүйесінің пайдаланылу нәтижесіне қанағаттанғандық сезім білдіре отырып, сонымен бірге, оны қолданысқа енгізу «тәжірибелілік пен асқан абайлықты» талап еткенін атап өтті.
Қауымдастық Қазақстандағы парламент сайлауына жасалған бақылаушылық миссия туралы толыққанды баяндаманы таяу уақыттарда дайындауды көздеп отырғанан мәлімдеді.