Қазақстан жыл сайын Оңтүстік Кореяға мың тоннадай уран сатуды жоспарлап отыр - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жыл сайын Оңтүстік Кореяға мың тоннадай уран сатуды жоспарлап отыр - ҚР президенті

Қазақстан жыл сайын Оңтүстік Кореяға мың тоннадай уран сатуды жоспарлап отыр - ҚР президенті

Қазақстан мен Оңтүстік Корея қол қойған ядролық энергетика жөніндегі келісімге сәйкес "Қазақстан жыл сайын Оңтүстік Кореяға мың тоннадай уран сатуды жоспарлап отыр". Бұл туралы бүгін, 20-қыркүйекте Астанада Оңтүстік Корея президенті Ро Му Хенмен жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Қыркүйек 2004
  • 532
Фото - Caravan.kz

«Бұл Оңтүстік Кореяның уранға деген сұранысының шамамен төртен бір бөлігін құрайды және еліміз бұл мөлшерді арттыра түсуге дайын»,- деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан президентінің айтуынша, «Каспийдегі мұнай кеніштерін игеру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды». «Мұнда теңіз бен құрғақта геологиялық барлау және болжам жасау жұмыстары жүргізіледі. Осындай зерттеулер қорытындысы бойынша келісім-шартқа қол қойылады» дегенге Елбасы сенім білдірді.
Қазақстан жағының мәліметі бойынша екі жақты сауда-саттықты дамытуға кедергі келтіріп отырған басты себептердің бірі — тасымалдау саласындағы қиындықтар болмақ. Сол себепті Трансазиялық темір жол магистралінің солтүстік дәлізі бойынша, соның ішінде БҰҰ-ның ЭСКАТО жобасы аясында жүк тасымалы ағынын арттыру үшін екі елдің темір жол мекемелері арасындағы ынтымақтастықты пәрмендендіру қажет.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың алғашқы жартысында Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы 227 млн. долларды құрады. Бұл 2003-жылғы көрсеткіштен 44 процентке артық. Қазақстаннан шығарылатын экспорт көлемі 49 процентке артты.

Перейти к новостям спорта