"Намаз оқып, ішімдік ішкені қалай кетті, мақтаншақ": Аста-төк өмірін көрсете беретін Төреғали Төреәлінің қарындасы тағы сынның астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Намаз оқып, ішімдік ішкені қалай кетті, мақтаншақ": Аста-төк өмірін көрсете беретін Төреғали Төреәлінің қарындасы тағы сынның астында қалды

"Намаз оқып, ішімдік ішкені қалай кетті, мақтаншақ": Аста-төк өмірін көрсете беретін Төреғали Төреәлінің қарындасы тағы сынның астында қалды

Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Төреәлі желіге қымбат мейрамханадағы суретін саламын деп, жаппай сынның астында қалды.

  • 6 Қараша 2023
  • 15391
Фото - Caravan.kz

Көпшілік оның үнемі аста-төк өмірін көрсететіні жайлы айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Желі қолданушыларының бұлай жазуына Дина Төреәлінің соңғы жазбасы себеп болған. 

"365. Біздің әлем, сіз және мен. Бақытқа толы болып өткен бір жылым… Сіздің махаббатыңыз, сезіміңіз бен қамқорлығыңызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жаныңызда еркінмін, нәзікпін, өте ерке, кіршіксіз сәби секілдімін.  Іштегі менің бұл сезімдерімді ешқашан сыртқа айтпаған екенмін, осындай маңызды күнде жазып шығаруды жөн көрдім.  Бірге өткен әр таңымыз үшін Аллаға тек сансыз шүкір деймін.
Мен біздің жарқын болашағымызға, жетер биік белестерімізге сенемін. Алла бірімізді-бірімізге хайырлы етіп, сезіміміз бен сенімімізді арттыра берсін. Мен үшін жасаған әр ісіңіз бен жақсылығыңыз үшін, маған мейірім мен қараған әр күніңіз үшін шексіз рахмет!

Мен жақсы көретін. Ең жақсы жүректің иесі", — деп жазды ол. 

Жұлдызды отбасының бұл жазбаны жариялағаны сол еді, желі қолданушылары оны сынап тастады. 

"Әпкесі екеуі ішіп-жегенін көп салады осы", "Мақтаншақ", "Намаз оқып, ішімдік ішкені қалай кетті, мақтаншақ", "Осы күнді тыныш қана атап өтуге болмады ма, жаһанға жар салмай" деп жазды олар.