Қарағандыда жол апатынан ҰҚК-де істейтін екі әйел қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жол апатынан ҰҚК-де істейтін екі әйел қаза тапты

Қарағандыда жол апатынан ҰҚК-де істейтін екі әйел қаза тапты

Қарағандыда жол апатынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қарағанды қалалық жол полициясынан хабарлады.

  • 20 Қыркүйек 2004
  • 379
Фото - Caravan.kz

Жол апаты 18-қыркүйек күні таңертең ерте Қарағанды қаласы мен әуежай арасындағы трассада болған. Алдын-ала жорамал бойынша үлкен жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан «Ауди» автокөлігі жолдың шетіне шығып кетіп, бірнеше мәрте аунап түскен. Көлікте отырған 24 және 35 жастағы екі әйел оқиға орнында мерт болды.

Жол полициясының хабарламасына сәйкес, қаза тапқан екі әйел ҰҚК-нің облыстық департаментінде, әуежайдағы жүктерді тексеру порталында істеген. Олар таңертең ерте жұмысқа асыққан сыңайлы.
Оқыс оқиғаның мән-жайын тексеру ісімен әскери прокуратура айналысуда. Алдын-ала жорамал бойынша жол апатының шығуына жылдамдықты тым асырып жіберу түрткі болғанға ұқсайды.

Перейти к новостям спорта