Алматы облысында белгісіз есірткіден улану салдарынан 5 адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында белгісіз есірткіден улану салдарынан 5 адам қайтыс болды

Алматы облысында белгісіз есірткіден улану салдарынан 5 адам қайтыс болды

Соңғы тәулікте Алматы облысының Текелі қаласында белгісіз есірткіден улану салдарынан 5 адам қайтыс болды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 21 Қыркүйек 2004
  • 525
Фото - Caravan.kz

Текелі қалалық орталық ауруханасына «улану» деген диагнозбен 8 адам түскен, олардың үшеуі екі сағаттың ішінде қайтыс болды. Алдын ала тергеу барысында белгілі болғанындай, зардап шеккендердің барлығы да нашақорлар көрінеді. Олар белгісіз есірткіден уланып қалған. Қалған науқастардың жағдайы дәрігерлердің алаңдаушылығын туғызып отыр.

Сондай-ақ, Ескелді аудандық орталық ауруханаға да бұл күні осындай диагнозбен тағы екі адам түсіп, екеуі де қайтыс болған.
Полиция есірткінің таралу көзін анықтау үшін тексеру жұмыстарына кірісті.

Перейти к новостям спорта