Қазақстанда бұрынғы біріккен тәжік оппозициясының қолбасшыларының бірі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бұрынғы біріккен тәжік оппозициясының қолбасшыларының бірі ұсталды

Қазақстанда бұрынғы біріккен тәжік оппозициясының қолбасшыларының бірі ұсталды

Өткен аптаның аяғында Қазақстанда бұрынғы біріккен тәжік оппозициясының қолбасшыларының бірі, халықаралық іздеуде жүрген, "Али-боксер" деген лақап атпен белгілі Али Пирмухаммадов ұсталды. Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезінде ол Кофарнихон ауданында бекінген қылмыстық топтардың бірін басқарған.

  • 21 Қыркүйек 2004
  • 432
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан бас прокурорының бірінші орынбасары Абдусами Дадабаевтың Душанбедегі KZ-today тілшісіне хабарлауынша, А.Пирмухаммадов Тәжікстан жағының өтінішімен Алматыда ұсталған. «Оны экстрадициялау туралы мәселе таяу уақыттарда шешіледі»,- деді ол.

Соңғы екі жыл бойы Алматыда тұрып, осында кәсіпкерлікпен айналысқан «боксшы Алиді» қазақстанның арнаулы қызметтері қолға түсірді.
Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы елшілігінен хабарлағанындай, тұтқын дипломатиялық өкілдікке хат жолдап, өзінің заңсыз ұсталуына байланысты нарызылық білдіріп, елшілік өкілдерімен жолықтыруды талап етуде. Елшілік мәліметіне сәйкес, бұл мәселе қазір келісілу үстінде.

Перейти к новостям спорта