"Marriott International" компаниясы Қазақстанның мейменхана бизнесі рыногына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Marriott International" компаниясы Қазақстанның мейменхана бизнесі рыногына келді

"Marriott International" компаниясы Қазақстанның мейменхана бизнесі рыногына келді

Кеше, 20-қыркүйекте Ақтауда "Қазкоммерцбанк" АҚ, қазақстандық "Capital Partners" компаниясы мен мейманхана бизнесі саласындағы халықаралық жетекші компания "Marriott International" арасында 2005-жылы Renaissance үлгісіндегі екі бірдей мейманхананы басқаруға беру туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қазақстандық "Capital Partners" компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Эрдал Сейхан хабарлады.

  • 21 Қыркүйек 2004
  • 889
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Renaissance үлгісіндегі бес жұлдызды мейманханалар салу жұмысы «Capital Partners» компаниясының жобасы бойынша «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның қаржыландыруы арқасында жүзеге асырылуда. 120 орынға есептелген Renaissance Aktau Hotel мейманханасына 15 млн. доллар, ал 202 орынға есептелген Renaissance Atyrau Hotel мейманханасына 25 млн. доллар көлемінде инвестиция салынбақшы. Құрылыстарды Францияның «Бюро Веритас» компаниясының бақылауымен Алматының «Бератекс» компаниясы салып жатыр.

Э.Сейханның айтуынша, мейманхана бизнесі саласындағы халықаралық жетекші компания «Marriott International» Renaissance желісі мейманханаларын тұңғыш рет басқаруға алмақшы. Бірінші кезеңде 220 адамнан тұратын мейманхана қызметшілерін Marriott International шетелдерден әкелгелі отыр. Бұдан кейін мейманханалардағы жұмысқа жергілікті тұрғындар тартылады.
«Біз Renaissance желісі мейманханаларының ТМД аясындағы саны арта түскеніне және біздің көп кешікпей Қазақстан рыногында пайда болатындығымызға қуаныштымыз. Қазақстанның экономикалық даму перспективалары өте зор. Сол себепті біз осынай мейманхана кешендері де осынау процесске үлес болып қосылатынына қуаныштымыз»,- деді басқару туралы келісімге қол қойған «Marriott International» компаниясының Continental Europe аймақтық аға вице-президенті Карл Кильберг.
Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Мағжан Әуезов жобаның бірегейлігін атап өтті. «Жобаның бірегейлігі сонда, бірінші кезекте, Қазақстанда алғаш рет бес жұлдызды мейманханалар қаржыландырушы және кепілдік беруші жақ ретінде мемлекеттің қатысуынсыз салынып жатыр»,- деді ол. Ұзақ мерзімді тәуекелдерді өз мойындарына жүктеп алған жеке инвесторлар жобаны толықтай ұйымдастырып, әрі қаржыландырып отыр.
Банкирдің айтуынша, жобаның тағы бір ерекшелігі сол, оны жүзеге асыруға рыноктың бірнеше кәсіби қатысушысы өз ресурстарын біріктірді. «Әр компания да өз саласындағы жетекші компанияға саналатындықтан, біз ұзақ мерзімге қаржы құйып, жобаға қатысуға келісім бердік»,- деді ККБ өкілі.
Мейманханалар құрылысы Ақтауда 2005-жылдың сәуір айында, Атырауда маусым айында аяқталуы тиіс.

Перейти к новостям спорта