Қарағанды облысында алты округтің бірінде екінші қайта дауыс беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында алты округтің бірінде екінші қайта дауыс беріледі

Қарағанды облысында алты округтің бірінде екінші қайта дауыс беріледі

Бүгін, 21-қыркүйекте өткен баспасөз мәслихатында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әбдіжаппар Әбдәкімов Қарағанды облысындағы алты округ бойынша өткен сайлаудың алдын-ала қорытындысы туралы жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қыркүйек 2004
  • 347
Фото - Caravan.kz

Облыста 784 мың 864 сайлаушы тіркеліп, олардың 58,88 проценті дауыс берді. Ал салыстырма ретінде келтіре кетер болсақ, 1999-жылғы сайлауда дауыс берушілер саны 55,3 процентті құраған.

Депутаттық 6 мандат үшін 51 үміткер сайлауға ат ұсынды. 5 сайлау округі бойынша Шаймерден Оразалинов (76,9%), Мұхтар Тінікеев (55%), Ерлан Нығматуллин (79%), Владимир Нехорошев (69%), Райымбек Аяшевтер (52%) депутаттыққа сайланды. Олардың алғашқы үшеуі қазіргі депутаттар.
40 сайлау округі бойынша қайталап дауыс берілетін болды. Сайлаудың екінші турына 2 үміткер, Рауан Шаекин мен Абдулла Төребеков шықты.
Партиялық тізім бойынша «Отан», «Асар», «Ақ жол» партиялары мен «АИСТ» блогы алда келді.
Тек Қарағанды қаласындағы 88 учаскеде электронды дауыс берілді. Қарағандылықтардың 24 проценті электрондық жүйені таңдады.

Перейти к новостям спорта