Қол қойылған хаттамаға сәйкес, тараптар 2004-жылдың аяғына дейін ынтымақтастықтың басты принциптерін келісу үшін келіссөздер жүргізіп, жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартына қол қоюға дайындала бастайды. Бұл келісім-шартқа 2005-жылы қол қойылады деп межеленді.
Бұған дейін тараптар Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің солтүстік-батысында орналасқан «Махамбет үстіртінің» көмірсутегі қорын бірлесіп бағалау жөніндегі жұмыс тобын құрған.
Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Кореяның Каспий Мұнай Жобасы Консорциумының құрамына енетін Корея Ұлттық мұнай корпорациясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл құжатта Корея Ұлттық мұнай корпорациясына «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның «Теңге» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы үлесінің 69 процентін сату бағытында келіссөздер жүргізе бастау қарастырылған.
Маңғыстау облысындағы Теңге кенішіндегі алынатын қалдық мұнай қоры 13,7 млн. тоннаны құрайды.