Петропавлда 1-қазаннан бастап кейбір коммуналдық қызмет түрлерінің бағасы қымбаттайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда 1-қазаннан бастап кейбір коммуналдық қызмет түрлерінің бағасы қымбаттайтын болды

Петропавлда 1-қазаннан бастап кейбір коммуналдық қызмет түрлерінің бағасы қымбаттайтын болды

Петропавлда 1-қазаннан бастап жылу мен суық судың бағасы қымбаттайтын болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінен хабарлады.

  • 22 Қыркүйек 2004
  • 497
Фото - Caravan.kz

Облыс орталығын суық сумен қамтамасыз ететін «Петропавл су» АҚ мен жылу энергиясымен қамтамасыз етуші «Аксесс Энерго Теплотранзит» ЖШС осы жөніндегі тиісті өтініштерін тамыз айында монополияға қарсы күрес мекемесіне түсірген. Бірінші монополист бағаны 20 процентке, ал екіншісі жылу құнын 12,9 процентке қымбаттауға ниет білдірген. Тарифтер бойынша ақырғы шешім сарапшылар кеңесінің отырысы мен қоғамдық тыңдаулардан кейін қабылданды.

Нәтижесінде тұтынушылар үшін суық судың бағасы 10 процентке қымбаттап, айына бір адамға шаққанда бұрынғы 208 теңгенің орнына 229 теңге болды. Ал жылу энергиясының бағасы 7 процентке қымбаттамақ. Тұрғын үйдің бір шаршы метрін жылыту құны былтырғы 52 теңгенің орнына 55 теңгеге дейін өсті. Соған сәйкес ыстық судың бағасы да өскелі отыр. Ендігі жерде есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар айына 270 теңгенің орнына 296 теңге төлейді.

Перейти к новостям спорта