Қостанай облысында жасанды астық қолхаттары табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында жасанды астық қолхаттары табылды

Қостанай облысында жасанды астық қолхаттары табылды

Қостанай облысында жасанды астық қолхаттарын әшкерелеу оқиғалары жиілеп кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің Қостанай облыстық аумақтық басқармасының бөлім бастығы АльбинаЖукова хабарлады.

  • 22 Қыркүйек 2004
  • 312
Фото - Caravan.kz

А.Жукованың айтуынша, жасанды астық қолхаттарын нағыз құжаттан жай көзбен қарап айыра танығысыз жоғары деңгейде жасалған. Мұндай құжаттар астық қолхаттарының көшірмесінің негізінде жасалып, астық сату және сатып алу жөнінде жалған шарт жасасу немесе банктен несие алу мақсаттарында пайдаланылуда.

Осындай жасанды астық қолхаттары Тобыл және Арқалық қырмандарында анықталды. Қазір облыстық басқарма астық қабылдайтын бөлімшелер мен қырмандарда, сондай-ақ, астық сатушы және сатып алушылар арасында жоғарыдағыдай заң бұзушылыққа жол бермеу үшін түсініктеме жұмыстарын жүргізуде. Адамдарға құжаттың мөр-таңбасы мен саны тәрізді реквизиттерін жақсылап тексеру туралы кеңес берілуде.
Мамандардың айтуынша, осындай жасанды құжаттардың пайда болуына астық қолхаттарының қорғаныс деңгейінің төмендігі әсер еткен. Қазір ҚР ауылшаруашылығы министрлігі аталмыш құжатты өзгерту бағытында жұмыс істеп жатыр.

Перейти к новостям спорта