Алматы облыстық әкімшілігі оралмандар проблемасы бойынша комиссия құруға уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық әкімшілігі оралмандар проблемасы бойынша комиссия құруға уәде берді

Алматы облыстық әкімшілігі оралмандар проблемасы бойынша комиссия құруға уәде берді

Алматы облыстық әкімшілігі оралмандар проблемасы бойынша комиссия құруға уәде берді. Мұндай уағдаластыққа Талдықорғанның орталық алаңында болған оралмандардың митингісінен кейін Алматы облысының басшылығы мен бір топ оралмандардың кездесуі барысында қол жеткізілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2004
  • 590
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21-қыркүйекте Талдықорғанның орталық алаңында басым көпшілігі Алматы облысының Ескелді ауданында тұратын 250-дей оралман рұқсат етілмеген митинг өткізген. Қоныс аударған қазақтардың митингіге шығуына осындағы бір оралман отбасына қарақшылық шабуыл жасалуы түрткі болған. Шабуыл салдарынан аталмыш отбасының отағасы Қытайдан атамекенге оралған Ерен Керейұлы пышақ жарақатынан қаза тапса, оның анасы мен әйелі жараланған болатын.

Митинг кезінде қаза тапқан адамды аза тұтып, жылап-еңіреген оралмандар қылмыскерлерді тауып, жазаға тартуды талап етті. Митингіге қатысушылармен Алматы облысы әкімінің орынбасары Әлихан Тайболов пен Алматы облыстық ІІББ-ның бастығы Қалмұханбет Қасымов кездесіп, жиналғандарды мәдениет сарайында әңгімені жалғастыруға шақырып, сол жерде репатрианттардың арыз-өтініштеріне құлақ асты. Оралмандар үй салып алуға жер бөлу, құжаттарды тез арада рәсімдеу және әлеуметтік қорғау аясына қамту туралы үш түрлі талап қойды.

Перейти к новостям спорта