«Қазір біз Сарышағандағы «Шеп» бекетін кинологиялық орталығы бар арнаулы ангармен және рентген жабдықтармен қамтамасыз ету бағытында АҚШ елшілігімен ынтымақтасып отырмыз»,- деді З.Тұрысбеков. Ол жабдықтардың «автокөліктерді 30 минуттан жарты сағат аралығында тексеріп шығуға мүмкіндік беретінін» атап өтті. Жабдықтар мен оған арналған ангарды салуға 470 мың доллар жұмсалмақ. З.Тұрысбековтың айтуынша, еліміздегі тағы 6 бекет осындай жабдықтармен жарақталады. «Біз мұндай жұмыстарды темір жолдар мен әуежайларда да жүзеге асырамыз. Бұлардың барлығы есірткі саудагерлеріне Қазақстан аумағы арқылы өту қиын, есірткіні міндетті түрде ұстап алатын шекаралық бекеттер бар дегенді ескету үшін жасалып жатыр»,- деді ҚР ІІМ.