Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше қарақшылық шабуылға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше қарақшылық шабуылға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше қарақшылық шабуылға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық ІІБ-ның тәртіп сақшылары бірнеше айдан бері облыс аумағында қарақшылық шабуылдарды жүзеге асырған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Қыркүйек 2004
  • 489
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 12-мамырында Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаменті қызметкерінің пәтеріне қарақшылық шабуыл жасалған. Ірі көлемдегі ақшаны қолды болдырған қарақшылар пәтер ішінде жүрген Бонни атты иісшіл итті өлтірген болатын. Ал 17-маусымда Есіл ауданының орталығы Явленкада бір отбасына жасаған қарақшылық шабуыл барысында қылмыскерлер тағы да ірі көлемдегі ақша мен ұялы телефонды тонап кетті. 1-шілдеде Петропавлдағы «Стамина» ЖШС-нің кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде киген бес адам кассирді соққыға жығып, сейфтен 2 млн. теңгені алып кеткен.

Тәртіп сақшылары 2-тамызда «Бақыт-ойл» ЖШС-нің жанармай тарату станциясына жасалған қарақшылық шабуылдан кейін ғана қылмыскерлердің ізіне түсе бастады. Қылмыскерлер жарнармай тарату станциясына түнде басып кіріп, оператор мен оның жұбайын соққыға жығып, оларды скотч жапсырмасымен байлап, телефон желісін үзіп, сейфті бұзу арқылы 1,3 млн. теңге алып кеткен.
Тергеу барысында тәртіп сақшылары бұл қылмысқа станция администраторының қатысы бар екенін анықтады. Шабуыл алдында ғана оған белгісіз бір жас жігіттер келіп кеткен. Көп кешікпей 24 жастағы Петропавл тұрғыны мен 21 жасар Ғ.Мүсірепов атындағы аудан тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Солардың көмегімен полиция қызметкерлері тағы бір 19 жасар Ғ.Мүсірепов атындағы аудан тұрғыны мен оның құрдасы Көкшетау тұрғынының аты -жөнін білді.
Қазіргі жағдаймен ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды. Үшеуіне іздеу жарияланды. Қылмыстық топтың бірнеше мүшесі Көкшетаудағы «Фемида» заңгерлік колледжінің студенттері көрінеді. Олардың арасында қыз да бар. Күдіктілерден үш автокөлік, 1800 доллар, 1300 евро және 500 теңге тәркіленді.
Тұтқындардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «қарақшылық шабуыл » туралы 179-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың біріне қылмыстық топ жасақтап басқарған деген айып тағылып отыр.

Перейти к новостям спорта