"Ақ жол" партиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан парламент мәжілісінің сайлауына қатысты қалыптасып отырған ахуалға араласуды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақ жол" партиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан парламент мәжілісінің сайлауына қатысты қалыптасып отырған ахуалға араласуды талап етті

"Ақ жол" партиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан парламент мәжілісінің сайлауына қатысты қалыптасып отырған ахуалға араласуды талап етті

"Ақ жол" демократиялық партиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мәлімдеме жолдап, парламент мәжілісінің сайлауына қатысты қалыптасып отырған ахуалға араласуды талап етті. Бұл туралы бүгін, 22-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында партияның тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбаев журналистерге хабарлады.

  • 22 Қыркүйек 2004
  • 468
Фото - Caravan.kz

Мәлімдеме мәтінінде атап көрсетілгеніндей, Орталық және аймақтық сайлау комиссияларының жетекшілері «сайлау барысында сайлаушылардың сеніміне ие болмаған өз адамдарын тықпалауға тырысты». «Соның салдарынан 19-қыркүйектен күні бүгінге дейін дауыс беру қорытындысын жаппай бұрмалау белең алып отыр». Сондай-ақ, «биліктің алдын-ала қитұрқы әрекеттерінің салдарынан көп адам дауыс бере алмай қалды». Сол арқылы «қазақстандықтар сайлау және сайлану деген басты құқықтарынан айрылды».

Партия жетекшілері мемлекет басшысын «сайлауға қатысты қалыптасқан ахуалға араласып», «сайлау нәтижесін бұрмалауға кінәлі адамдарды жазалауға» шақырады. «Олай болмаған күнде біз барлық заң бұзушылық әрекеттер сіз біле тұра жасалды деген тұжырым жасаймыз»,- деді олар.
Партияның тең төрағасы Ораз Жандосовтың айтуынша, бұл мәлімдеме түрлі аймақтардағы сайлаудың алдын-ала нәтижесі туралы ақпараттар мен exit pool қорытындылары алынғаннан кейін әзірленген. Оларға сәйкес, «Ақ жол» партиясы Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары мен Алматыда бірінші және екінші орында тұр.
Бұған қоса «Ақ жол» жетекшілері Солтүстік Қазақстан облысынан мәжіліс депутаттығына ат ұсынған 11 үміткердің мәлімдемесін жеткізді. Олар сайлау нәтижесі бұрмаланғаны және атқарушы билік органдары сайлау процессіне араласқаны туралы партияның мәлімдемесін қолдайтынын хабарлап, өткен сайлауды заңсыз деп тануға шақырған.

Перейти к новостям спорта