Қазақстан және Қырғызстан үкімет басшылары "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорнын тез арада іске қосуға уағдаласты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Қырғызстан үкімет басшылары "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорнын тез арада іске қосуға уағдаласты

Қазақстан және Қырғызстан үкімет басшылары "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорнын тез арада іске қосуға уағдаласты

Кеше, 22-қыркүйекте Бішкекте Қазақстан және Қырғызстан үкімет басшылары Даниал Ахметов пен Николай Танаевтың кездесуі өтті. KZ-today тілшісіне Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тараптар өзара сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселені талқылады.

  • 23 Қыркүйек 2004
  • 380
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, кездесу барысында су-энергетикалық консорциум құру, Қамбар Ата-І және Қамбар Ата-ІІ суэнергетикалық нысандарын салу жөніндегі бірлескен көп жақты жобаларды жүзеге асыру, шекаралық саудадағы кедергілерді жою мәселелері сарапқа салынды.

Қазақстан және Қырғызстан үкімет басшылары «ҚырҚазГаз» Бірлескен кәсіпорнын тез арада іске қосуға уағдаласты.
Сондай-ақ, Н.Танаев пен Д.Ахметов Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы төтенше мәртебелі қарым-қатынастарды сақтап қалу, сауда-экономикалық байланыстар аясын кеңейте тереңдету қажеттігін атап өтті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «ҚырҚазГаз» кәсіпорны Қырғызстан аумағында 2004-жылдың наурыз айында тіркелген. Бірлескен кәсіпорын құру туралы құжатқа «ҚазТрансГаз» ЖАҚ мен «Қырғызгаз» АҚ-ның жетекшілері қол қойған. Биылғы жылдың мамыр айында Қырғызстан үкіметі «Бұхара көгілдір отын аймағы- Ташкент-Бішкек-Алматы» газ тасымалдау жүйесінің Қырғызстан аумағындағы активтерін Қазақстан мен Қырғызстанның бірігуімен құрылған «ҚырҚазГаз» Бірлескен кәсіпорнына сенімді басқаруға беру туралы қаулы қабылдады. Биылғы жылдың 12-шілдесінде өткен Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық комиссиясының отырысы барысында тараптар «ҚырҚазГазға» активтерді өткеріп беру шарасын 2004-жылдың 30-тамызына дейін аяқтауға келіскен болатын.

Перейти к новостям спорта