Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Алматыдағы үшінші сайлау округынан «Асар» партиясының үміткері Сергей Киселев пен Патриоттар партиясының үміткері Ғани Қасымов екінші турға шықты. Төртінші округта АИСТ блогының үміткері Сергей Бояркин сайланды. №5 округта Алмалы ауданының әкімі, өз бетімен сайлауға ат ұсынған Тұрарбек Асанов пен АИСТ блогының үміткері Елжан Биртанов қайта сайлауға түседі. Алтыншы округта қазіргі депутат Сергей Дьяченко сайланды. Жетінші округта «Ақ жол» партиясынң үміткері Ораз Жандосов пен өз бетімен ат ұсынған Күләш Ағатаева екінші турға шықты.
Ақмола облысында үш округтың екеуінде депутаттар сайланды. №8 сайлау округында АИСТ блогының үміткері Анатолий Куликов пен өз бетімен ат ұынған Байбол Өтепбаев екінші турға шықты. Қалған екі округта қазіргі депутаттар, «Отан» партиясының өкілдері Валерий Котович пен Зәуре Қадырова сайланды.
Ақтөбе облысындағы үш округта да депутаттар сайланды. №11 сайлау округінде дербес үміткер Марал Итеғұлов, №12 округте қазіргі депутат Амангелді Айталы сайланды. №13 округте де қазіргі депутат Болат Әбішев сайланды.
Алматы облысындағы бір округте ғана сайлау қайтадан өткізіледі. №14 сайлау округінде «Отан» париясының үміткері Ермұханбет Омаров пен дербес үміткер Серік Ақсубаев екінші турға шықты. №15 сайлау округінде «Отан» өкілі Амангелді Дүйсекеев депутаттыққа сайланды. №16 округте «Отан» өкілі Уәлихан Қалижан, №17 сайлау округінде де «Отан» өкілі Динар Нүкетаева сайланды. №18 сайлау округінде қазіргі депутат Ерасыл Әбілқасымов, №19 сайлау округінде «Отан» партиясының үміткері Серік Әбдірахманов, №20 округте дербес үміткер Оралбек Жақиянов депутаттыққа сайланды.
Атырау облысындағы екі округта да депутаттар сайланды. №21 сайлау округында қазіргі депутат, «Отан» партиясының өкілі Нұрпейіс Махашев сайланды. №22 округте «Асар» партиясыынң өкілі Ұзаққали Елубаев жеңіске жетті.