Қазақстанда парламент мәжілісі сайлауының алдын-ала қорытындылары шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда парламент мәжілісі сайлауының алдын-ала қорытындылары шығарылды

Қазақстанда парламент мәжілісі сайлауының алдын-ала қорытындылары шығарылды

Бүгін, 23-қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісі сайлауының алдын-ала қорытындыларын жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2004
  • 405
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, партиялық тізім бойынша «Отан» партиясы сайлаушылардың 60,62 процент дауысын жинап, қарсыластарын ойсырата жеңіске жетті. «Отан» өкілдері партиялық тізім бойынша депутаттарға қарастырылған 7 орынды иемденеді. Қалған үш орынды сайлаушылардың 12,04 процент дауысын жинап екінші орынға шыққан «Ақ жол» партиясы, 11,38 процент дауыс жинаған «Асар» партиясы мен 7,07 процент дауысын жинаған «АИСТ» блогы иемденбек. Қалған саяси бірлестіктер парламентке өту үшін қажетті 7 проценттік межеден өте алмады.

Бір мандатты 45 сайлау округында депутаттар сайланса, 22 округте сайлау қайта өткізіледі. Сайланғандардың басым бөлігі, яғни 27 адам «Отан» партиясының өкілі болса, «АИСТ» блогының үміткерлері 9 округте жеңіске жетті. «Асар» партиясының үміткерлері 2 округте алға шықты. Ал 7 депутат сайлауға өз беттерімен ат ұсынған.
Сөйтіп, сайлаудың бірінші турынан кейін «Отан» партиясы парламенттің төменгі палатасында 34, «АИСТ»- 10, «Асар»-3, «Ақжол»- 1, тәуелсіз депутаттар 7 орынды жеңіп алды.
Сайлаудың екінші сатысы 3-қазанда өтеді деп күтілуде. Ал Астана, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында сайлау қайта өткізілмейді.
Екінші турға «Отан» партиясынан 15, «АИСТ» блогынан 5, Демократиялық партиядан 2, «Ақ жол», «Асар», Компартия мен ҚДТ блогы, Патриоттар партиясынан бір-бір үміткерден, сондай-ақ, 15 дербес үміткер қатысады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта