Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының 41- бас ассамблеясын өткізуге дайындық жұмыстары аяқталып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының 41- бас ассамблеясын өткізуге дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының 41- бас ассамблеясын өткізуге дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Ертең, 25-қыркүйекте Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының 41- бас ассамблеясының ресми ашылу рәсімі өтеді. Форумға Азиялық және халықаралық ірі электрондық БАҚ-тардың жетекші мамандары мен басшыларынан 200-дей адам қатысады.

  • 24 Қыркүйек 2004
  • 604
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 24-қыркүйекте өткізілген баспасөз мәслихатында Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының президенті — NHK компаниясының президенті Катсуйи Эбисаваның атап көрсетуінше, екі күнге созылатын бас қосу барысында телерадиохабарларын таратушылардың жаңаша ахуалдағы ролі, одақ аясындағы ынтымақтастықты дамыту, одақтың басқа да халықаралық ұйымдармен ықпалдастығы, БАҚ-тарға қаржы тарту мүмкіндіктерін зерттеу, медиа бизнесті дамыту және оның аясын кеңейту мәселелері талқыланады.

Форум аясында сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының сыйлықтарын табыс ету рәсімі өтеді. Осынау жыл сайынғы байқауға Азиялық телерадиокомпанииялардан 50-дей туынды, соның ішінде «Хабар» агенттігінің 2 туындысы жолданған.
Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағы дүниежүзінің 53 елінен 100-ден астам ұйымды біріктіреді. Қазақстан атынан одаққа «Хабар» агенттігі біріккен. Биылғы форум осы агенттіктің ұйымдастыруымен өткізілгелі отыр.
Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының бас ассамблеясы Орталық Азия аймағында тұңғыш рет өткізілмекші.

Перейти к новостям спорта