Нысанды пайдалануға беру салтанаты 2004-жылдың 10-қазанына белгіленген.
Мамандардың айтуынша, шлюз арнасын пайдалануға беру Ертіс арқылы кеме қозғалысын жолға қоюға мүмкіндік береді. Ал бұл өңірдегі ең арзан көлік түрі.
«Шлюздың ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде»,- дейді А.Гречкин.
Нысан құрылысы сонау 1976-жылы басталған көрінеді, алайда қаржы тапшылығынан ол сақалды құрылыстың кебін киді. Сөйтіп бастапқыда тек қазба жұмыстарымен ғана шектелген күйбең тірлік 1988-жылы қайтадан жанданып, алғашқы текше метр бетон құйылды. Кейінірек қаржыландыру мүлдем доғарылып, құрылыс салу жұмыстары тоқтатылған. 2002-жылы нысанды салу жөніндегі тендерде «Суөнеркәсіптік құрылысы» ААҚ жеңіске жетіп, жұмыс қайтадан жанданды. 2003-жылы шлюзды арнаның құрылысын салып аяқтауға арнап республикалық бюджеттен 900 млн. теңге бөлінді.