ҚР үкімет басшысы мен Бүкіләлемдік кеден ұйымының бас хатшысы Қазақстанда кеден қызметтерінің бас қосуын өткізу мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы мен Бүкіләлемдік кеден ұйымының бас хатшысы Қазақстанда кеден қызметтерінің бас қосуын  өткізу мәселелерін талқылады

ҚР үкімет басшысы мен Бүкіләлемдік кеден ұйымының бас хатшысы Қазақстанда кеден қызметтерінің бас қосуын өткізу мәселелерін талқылады

Бүгін, 24-қыркүйекте үкімет басшысы Даниал Ахметов Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Бүкіләлемдік кеден ұйымының бас хатшысы Мишель Данені қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Қыркүйек 2004
  • 411
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында 2005 жылдың басында Қазақстанда өтетін Бүкіләлемдік кеден ұйымының Еуропалық өңірі мемлекеттері кеден қызметі басшыларының конференциясына әзірлікке байланысты кейбір ұйымдастыру мәселелері мен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Премьер-Министр Мишель Данені елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар мен Үкімет қабылдаған Қазақстанның кеден қызметін жаңарту жөніндегі қадамдардан хабардар етті.
Өз кезегінде бас хатшы өзінің құрылғанына соншалықты көп мерзім өте қоймағанына қарамастан қазақстандық кеден қызметінің жемісті дамып келе жатқанын атап өтті. Осы орайда, Мишель Дане «өзге елдердің тәжірибесін белсенді түрде қабылдай отырып, Қазақстан кедені бүгінде әлемдік стандарттың негізгі параметрлеріне үйлесімді және орта-азиялық өңірде өзіндік эталон ретінде қызмет ете алады» деп баға берді.

Перейти к новостям спорта