Н.Дүтбаевтың айтуынша, «экономикалық барлау, халықаралық лаңкестікпен күрес және басқа да ұйымдастыруға қатысты бірқатар мәселелер» талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша меморандумға қол қойылып, онда біздің елдердің қауіпсіздігіне төнген қатердің ұлғая түскені, соған лайықты қорғаныс шараларын қолдану қажеттігі атап көрсетілді.
Қаржылық барлау және Достастық елдерінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету — басты күрес тәсілдерінің бірі ретінде аталды. Мәселен, Ресейдің сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Лебедевтің айтуынша, «мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық дамып, экономикалық даму артқан сайын түрлі қылмыстық топтар мен халықаралық алаяқтардың араны ашыла түсті. Олармен жеке-дара күрес жүргізу мүмкін емес болғандықтан, біз мүмкіндіктерімізді өзара біріктіруіміз қажет». Келісімде сондай-ақ, шұғыл қызметтер арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу сапасын арттыру жолдары қарастырылған.
Лаңкестік әрекеттердің алдын алу мүмкіндіктері де талқыланды, деді С.Лебедев. «Ең бастысы, біз бір дауыстан мынадай тұжырымға келдік: лаңкестік жоспарларды алғашқы сатыда әшекерелеу, олардың алдын алу арқылы азаматтарымыздың өмірін сақтап қалу қажет».
Ресейдің өз аумағынан тысқары жерлердегі лаңкестік ұйымдарға «ескертпелі соққы беру» шарасына қолдау көрсету мүмкіндігі туралы KZ-today тілшісінің сауалына Н.Дүтбаев : «халықаралық лаңкестікпен тізе қоса күресу қажет», алайда,»әрбір нақты жағдай бойынша жеке шешім қабылданады»,- деп жауап берді.