Бұл туралы ол Асхат Садырбайға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Әнге, жалпы саундтрекке келгенде сыған болдым. Барлық композиторларға шықтым, сатып алуға дайын болдым. Қанша тұратынын білемін. Жалпы бізде фильмге жаңа саундтрек жазылу керек деген стереотип бар, мен сені бұзғым келді. Осы "Таптым-ау сені" фильмінде ең сезімге толы сахна бар, сол жерге күшті бір музыка керек болды. Фильмнің аты да "Таптым-ау сені", ән де Қазыбек Құрайыштікі болу керек болды. Фонға 15-ақ секундқа қою керек болды. Бірақ, Қазыбек Құрайышты алу мүмкін емес болды. Елбасына шыққан сияқты іздеу салдық, көмекшісіне де хабарластық. Алсыншы, мынау не болды дедім. Тіпті қойсаңдаршы, мынау ұят қой деп аудио да жаздым. Жауап болмады. Атқарушы продюсер бере алмаймын деп айтты деді. Калифарнияның бір әні қойылатын болды. Ол кісіні де ала алмадық. Соңында 1 миллион теңге деді. Минутқа жетпейтін әнді 1 миллион теңгеге алу мен үшін өте қиын. Егер мен қалталы продюсер болсам, сатып алуым мүмкін. Қазір мен қалтасыз продюсермін. Жырттыққа жамап, бір-біріне қосып жатырмын. Мен мүлде төлемеймін деген жоқпын, біреудің құнын жемеймін, рақметімді айтар едім. Бірақ, 1 миллион теңге бере алмадым", — дейді актриса.
Желі қолданушылары әншінің өз еңбегін бағаланда тұрған ештеңе жоқ екенін жазуда.
"Ол неге беру керек өзінің еңбегін", "Дариға әпше, сіз 15 секундқа тегін шығып бермейсіз ғой, әрине ақша сұрайды", "Оның осы әні ғана хит. Сол себепті бермеген деп ойлаймын", "Ешкім тегін бермейді ғой әнін. Тіпті бермеуге де хақы бар деп ойлаймын", — деп жазды олар.