Присяжныйлар соты алғашқы кезеңде өлім жазасы қарастырылған қылмыстарды қарауы тиіс - И.Рогов - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Присяжныйлар соты алғашқы кезеңде өлім жазасы қарастырылған қылмыстарды қарауы тиіс - И.Рогов

Присяжныйлар соты алғашқы кезеңде өлім жазасы қарастырылған қылмыстарды қарауы тиіс - И.Рогов

Қазақстанда присяжныйлардың қатысуымен өтетін сот отырыстары өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған қылмыстарды қарағаны жөн. Бүгін, 27-қыркүйекте "Присяжныйлардың қатысуымен сот ісін жүргізу және оны Қазақстанда пайдалану перспективалары" деген тақырыпта өткізілген дөңгелек үстелде ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 27 Қыркүйек 2004
  • 424
Фото - Caravan.kz

И.Роговтың пікірінше, Қазақстанда сот ісін жүргізуде присяжныйлар сотын пайдалану үшін алдын-ала ауқымды дайындық жұмыстарын жүзеге асыру қажет. «Бірінші кезекте мұндай институтты енгізуге тергеу мекемелері мен прокуратура әзір болуы тиіс. Ал олардан қылмыстық істерді тексеру сапасын арттыру, сот процессіне қатысушы адвокаттардың ролін арттыру, қылмыстық сот ісін жүргізу аясында азаматтардың кепілдігін күшейту талап етіледі»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта