Қазақстан мен Ресей арасында "аялауды қажет ететіндей жоғары деңгейдегі жақын қарым-қатынас орнады" - В.Христенко - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей арасында "аялауды қажет ететіндей  жоғары деңгейдегі жақын қарым-қатынас орнады" - В.Христенко

Қазақстан мен Ресей арасында "аялауды қажет ететіндей жоғары деңгейдегі жақын қарым-қатынас орнады" - В.Христенко

Қазақстан мен Ресей арасында "аялауды қажет ететіндей жоғары деңгейдегі жақын қарым-қатынас орнады". Бұл туралы бүгін, 27-қыркүйекте Қазақстандағы Ресей жылы аясында Астанада ашылған Ресейдің ұлттық көрмесінде РФ энергетика және өнеркәсіп министрі Виктор Христенко мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қыркүйек 2004
  • 416
Фото - Caravan.kz

В.Христенконың пайымдауынша, «екі елдің мемлекет басшыларының саяси күш-жігерінсіз экономиканы алға бастыру мүмкін емес». Соңғы бір жарым жылдағы осындай күш-жігердің арқасында 2003-жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 6,2 млрд. теңгеге өсті. Ал биылғы жылы тағы 42 проценттік өсім күтілуде. В.Христенко екі ел арсындағы алыс-беріс көлемі 3,5-4 млрд. доллар деңгейінде қалады-ау деген қауіп болғанын атап өтті.

РФ экономикалық даму және сауда министрлігі ұйымдастырған бұл көрмеге Ресейдің 25 аймағынан 200-ден астам кәсіпорын қатысуда. Шараның мақсаты — ресейлік ұйымдар мен кәсіпорындардың экспорттық өнімдері мен қызмет түрлерін Қазақстан нарығына шығарып сату, өзара инвестициялық ынтымақтастық пен сауда-экономикалық байланысты нығайту болып табылады. Көрме 30-қыркүйекке дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта