Присяжныйлар соты заңдылық принциптерін нығайтуда оңды роль атқаруы мүмкін - ҚР президенті әкімшілігінің өкілі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Присяжныйлар соты заңдылық принциптерін нығайтуда оңды роль атқаруы мүмкін - ҚР президенті әкімшілігінің өкілі

Присяжныйлар соты заңдылық принциптерін нығайтуда оңды роль атқаруы мүмкін - ҚР президенті әкімшілігінің өкілі

Присяжныйлар сотын іске қосу "заңдылық принциптерін нығайтуда, дәлелдердің обьективтілігін бағалауда, соттардың шешімдер қабылдау барысындағы тәуелсіздігін қамтамасыз етуде және сот қателіктері мен бұл билікті бас пайдасына жарату көріністерін азайтуда оңды роль атқаруы мүмкін". Бүгін, 27-қыркүйекте "Присяжныйлардың қатысуымен сот ісін жүргізу және оны Қазақстанда пайдалану перспективалары" деген тақырыпта өткізілген дөңгелек үстелде президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық басқармасының сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі Мұхамеджан Пақырдинов осындай пікір білдірді.

  • 27 Қыркүйек 2004
  • 432
Фото - Caravan.kz

М.Пақырдиновтың айтуынша, қазір елімізде «ҚР заңнамалық актілеріне присяжныйлар соты институтын енгізу жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Присяжныйлар туралы» заң жобалары жасалған. Олар үкіметтің қарауына жолданды. М.Пақырдиновтың айтуынша, аталмыш заң жобаларының көмегімен присяжныйлардың құқықтық мәртебесі айқындалып, оларды қылмыстық істерді қарауға қатыстыру, присяжныйлардың қатысуымен өткізілетін сот іс-қызметін ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері айқындалады.

Өз кезегінде ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков аталмыш заң жобалары парламенттің қарауына биылғы жыл соңына дейін ұсынылады дегенге сенім білдірді.

Перейти к новостям спорта