Министрдің пайымдауынша, қуат көздерін тасымалдаудың Қытай тәрізді жаңаша бағыттарын ашу Қазақстан үшін «дұрыс қадам». «Қытайдың ұланғайыр әрі болашағы зор рыногы қызығушылық тудыратыны сөзсіз».
РФ энергетика министрі сондай-ақ Қазақстан мен Ресей үшін қуат көздерін өндіру және тасымалдау жөніндегі жоспары турасында «алғашқы сатыларда» келісіп отырғаны тиімді деп санайды. Мұндай жағдайда біз «бір жағынан қандай да күтпеген жағдайға даяр болумен бірге, келесі жағынан оқиғаның кез-келген өрбу ағымына дайын бола аламыз»,- деді В.Христенко.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28-қыркүйекте Қарағанды облысында Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры құрылысының ресми ашылу салтанаты өтеді. Мұнай құбырының ұзындығы 988 шақырым, құбыр диаметрі 813 мм, құбырдың өткізгіштік қабілеті алғашқы кезеңде жылына 10 млн. тонна, ал жобаның екінші кезеңінде 20 млн. тоннаны құрайды. Мұнай құбырының құрылысы 2005-жылдың аяғында бітіп, 2006-жылы пайдалануға беріледі.