Қырғызстанда Қазақстаннан ірі көлемде жанар-жағармай контрабандасына тосқауыл қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Қазақстаннан ірі көлемде жанар-жағармай контрабандасына тосқауыл қойылды

Қырғызстанда Қазақстаннан ірі көлемде жанар-жағармай контрабандасына тосқауыл қойылды

Қырғызстанның кеден және шекара қызметтерінің Қазақстан шекарасындағы бірлескен әрекеттерінің арқасында ірі көлемде жанар-жағармай контрабандасын жасау әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Қыркүйек 2004
  • 460
Фото - Caravan.kz

Мәселен, «Кенбулун» шекаралық бақылау бөлімшесінде 15 тонна дизельдік отын тиеп алған екі «КамАЗ» автокөлігі ұсталды. Жүктің арнаулы құжаттары болмаған. Сондай-ақ, Қырғызстанның Кеми ауданында, Қазақстан шекарасынан бірнеше шақырым жерде 6 тоннадай контрабандалық дизельдік отын тиеп алған ЗиЛ-131 автокөлігі ұсталды. Бұл деректерге қатысты материалдар прокуратураға тапсырылды.

KZ-today тілшісінің хабарлауынша, жергілікті құқық қорғау органдарының мамандары жалпы алғанда Қырғызстанға жанар-жағармайды контрабандалық жолмен шығару ауқымы арта түскен. Бұл бірінші кезекте ел ішінде жанармай мен дизельдік отын бағасының қымбаттауына байланысты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан Республикасының экономикалық даму, өнеркәсіп және сауда министрлігінің жанындағы монополияға қарсы күрес саясаты жөніндегі мемлекеттік департаментінің мәліметі бойынша, 2004-жылдың маусым айынан бері бұл елде жанар-жағармай бағасы 15-25 процентке қымбаттаған. Қырғызстанға негізінен Қазақстан мен Ресей отын импорттайды.

Перейти к новостям спорта