Облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Жанат Қартпаевтың айтуынша, Қазақстанда арнайы антитеррорлық жаттығулар бағдарламасының жобасы жасалған. Оның бірінші кезеңінде аса қауіпті нысандардағы өрт қаупіне дайындық ахуалы тексерілуі тиіс. Сөйтіп кешегі жаттығуларды өткізетін нысан ретінде «Гелиос» компаниясының мұнай базасы таңдалды. Бұл республикамыздағы ең ірі типтес мұнай қоймаларының бірі.
Жалпы алғанда, жаттығулар қорытындысы бойынша өрт сөндірушілер қанағаттанарлық бағаға ие болды. Дегенмен, Ж.Қартпаевтың айтуынша, өрт сөндірушілер жаттығулар барысында кейбір қателіктерге де жол берді. «Бүгінгі жаттығулар барысында беті алышған кемшіліктерге талдау жасалып, ел көлемінде оларды екінші қайта шығармауға шаралар қолданылады»,- деді ол.