Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы егіс алқаптарында егін орағы аяқталды. 3 млн. гектар алқаптан түсім жиналды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары департаментінен хабарлады.

  • 28 Қыркүйек 2004
  • 423
Фото - Caravan.kz

Облыстық дихандар 3 млн. 125 мың тонна астық жинап, орташа шығымдылық бір гектардан 10,4 центнерді құрады. Есіл, Қызылжар және Мамлют аудандарында егін шығымдылығы тиісінше бір гектардан 12,2 , 12 және 11,3 центнерді құрады.

Келесі жылғы түсімге арнап тұқым ретінде 68 мың 300 тонна қорланды. Қазір тұқымды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Егістік алқаптарының 79 процентінде аңыздық жыртылды.

Перейти к новостям спорта