Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісі сайлауының қорытындысын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісі сайлауының қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісі сайлауының қорытындысын жариялады

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда 19-қыркүйекте өткен парламент мәжілісі сайлауының қорытындысын жариялады. Бүгін, 28-қыркүйекте сайлау қорытындысы ресми баспасөзде жарияланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қыркүйек 2004
  • 393
Фото - Caravan.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлаушылар тізіміне енген еліміз азаматтарының 56,49 проценті дауыс беру шарасына қатысты.

Округтік сайлау комиссияларының мәліметі бойынша, барлық 67 сайлау округінде сайлау өткізілді. 22 округте сайлау қайта өткізіледі.
Сайлауға 12 саяси партия қатысты. Олардың төртекі екі сайлау блогына бірікті. Парламентке өтуге қажетті межеден үш партия мен бір сайлауалды блогы өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, партиялық тізім бойынша «Отан» партиясы сайлаушылардың 60,62 процент, «Ақ жол» партиясы сайлаушылардың 12,04 процент дауысын жинап екінші орынға шықты, ал «Асар» партиясы 11,38 процент дауыс, «АИСТ» блогы 7,07 процент дауыс жинады.
«Коммунистер мен ҚДТ партиясының оппозициялық халықтық одағы» 3,44 процент, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы 1,98 процент, Демократиялық партия 0,76 процент, «Ауыл» партиясы 1,73 процент, Қазақстанның патриоттар партиясы 0,55 процент, «Руханият» партиясы 0,44 процент дауыс жинады.

Перейти к новостям спорта