"Отан" партиясы мәжілістен кем дегенде 52-53 орын иемденуден дәмелі - саяси кеңес бюросының мүшелері - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Отан" партиясы мәжілістен кем дегенде 52-53 орын иемденуден дәмелі - саяси кеңес бюросының мүшелері

"Отан" партиясы мәжілістен кем дегенде 52-53 орын иемденуден дәмелі - саяси кеңес бюросының мүшелері

""Отан" партиясы мәжілістен кем дегенде 52-53 орын иемденуден дәмелі". Сайлаудың бірінші туры мен партиялық тізім бойынша дауыс беру қорытындысы жариялану нәтижесінде "Отан" депутаттық 38 мандатқа ие болды. Соның ішінде 31 үміткер бір мандатты округте жеңіске жетсе, 7 орынды саяси бірлестік партиялық тізім бойынша иемденбек. Бұл туралы бүгін, 28-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Отан" партиясының саяси кеңес бюросының мүшесі Алексей Цеховой хабарлады.

  • 28 Қыркүйек 2004
  • 474
Фото - Caravan.kz

Партия өкілінің айтуынша, 22 сайлау округінде өткізілетін қайта сайлауға «Отан» партиясының 19 үміткері қатысады. Соның ішінде 6 округ бойынша екінші турға өткен екі үміткер де «Отан» партиясының өкілдері. Нәтижесінде, «Отан» қазіргі жағдаймен мәжілістегі 77 орынның 40-тан астамын иемденіп отыр.

Сайлауда «Отан» партиясының әкімшілік ресурстарды пайдалану мүмкіндігі туралы сауалға жауап берген А.Цеховойдың пікірінше, бұл «халық арасында таптаурын болған пікір-көзқарас». Партияның сайлауда жеңіске жетуі — халық тарапынан партияның бағдарламалық құжаттарының қолдау табуының нәтижесі болмақ.
Қазіргі мәжіліс депутаты, осы жолғы сайлауда да ат ұсынып жеңіске жеткен Сергей Дьяченко «сайлау ешбір мінсіз өтетін бірде-бір ел болмайды» деген пікірге партия да қосылады деп атап өтті. «Өткен сайлау ешбір ақаусыз, тамаша өтті» деуге де келмейді, деді депутат. Оның айтуынша, «назар аударуды қажет ететін тұстар да жоқ емес», олардың бірі — сайлаушылар тізімінің дұрыс жасалмауы болмақ. Соның салдарынан «азаматтардың барлығы бірдей конституциялық құқығын жүзеге асыра алмады». «Біз процесстердің баршасын бірдей қылаусыз деп айта алмаймыз. Дейтұрғанмен, тәуелсіздікке ие болған 15 жылда Қазақстан демократияға қарай батыл қадам басқанын да жоққа шығармаймыз»,- деді С.Дьяченко.

Перейти к новостям спорта