Оқыс оқиға ғимаратты құлату кезінде 7-қазан күні кешке болған. Соның салдарынан үш жұмысшы үйінді астында қалды. Оқиға орнына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің инженерлік ұтқыр қорғаныс отряды мен құтқару қызметінің қызметкерлері келіп жетті. Екі жұмысшы үйінді астынан өлі күйінде шығарып алынса, үшіншісі ауруханаға барар жолда қайтыс болды.
Оқыс оқиға орнына дереу келіп жеткен Орал қалалық прокуроры Закария Саралиевтің айтуынша, ғимарат құрылыс салу тәртіптері мен еңбек қауіпсіздігін бұзу салдарынан құлаған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүзеге асырылуда.
Ғимарат құлаған кезде құрылыс алаңында 100-ден астам жұмысшы болған, олардың барлығы да басқа жаққа көшірілді.