Қарағандыда бір беймәлім қаныпезер бір сағат ішінде төрт адамды өлтіруге әрекет жасады. Зардап шеккен екі адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда бір беймәлім қаныпезер бір сағат ішінде төрт адамды өлтіруге әрекет жасады. Зардап шеккен екі адам қайтыс болды

Қарағандыда бір беймәлім қаныпезер бір сағат ішінде төрт адамды өлтіруге әрекет жасады. Зардап шеккен екі адам қайтыс болды

7-қазан күні кешкісін Қарағандыда бір беймәлім қаныпезер қырық минут ішінде төрт адамды өлтіруге әрекет жасады. Зардап шеккен екі адам қайтыс болып, екі адам ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық жедел жәрдем ауруханасынан хабарлады.

  • 8 Қазан 2004
  • 326
Фото - Caravan.kz

Алдын-ала болжам бойынша, төрт қылмысты да бір адам жасап, зардап шеккендерді пышақпен ауыр жарақаттаған.

Жедел жәрдем аураханасына алғашқы шақыру дабылы 22 сағат 50 минутта 12-ықшам ауданнан келіп түскен. Телефон қоңырауын шалған адам №41 үйдің жанында 19 жасар қыз қансырап жатқанын хабарлаған. Дәрігерлер келген кезде қыз қайтыс болып кеткен көрінеді. Осыдан 10 минут өтпей тағы да осындай шақыру №49 үйден келіп жетті. Бұл үйге кіре берісте 30 жастғы әйел жараланған екен. Қылмыскер оны мойны, кеудесі мен ішінен пышақпен жарақаттапты. №1 қалалық аураханаға жеткізілген әйел қансырау салдарынан есін жимастан қаза тапты. Бірнеше минуттан кейін аталмыш ауруханаға әлгі ықшам ауданнан 1976-жылы туған тағы бір қыз ауыр пышақ жарақатымен жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. 23 сағат 30 минутта көршілес 14 ықшам ауданнан тағы бір шақыру келіп түсті. Мұндағы автотұрақтың жанынан жараланған 39 жастағы еркек табылып, ауруханаға жеткізілген.
Полиция бірнеше адамды өлтіруге әрекет жасаған қанішерді іздестіре бастады.

Перейти к новостям спорта