«Бұл күресте әлем елдерінің күшін біріктірмей табысқа жету мүмкін емес»,- дейді Н.Назарбаев.
Дүниежүзінде есірткі өндіруден Ауғанстан алдына жан салмайтын болса, оны тасымалдау тораптары «біздің аумақ арқылы Еуропаға дейін, соның ішінде Латвияға дейін жалғасады»,- деді президент. Осыған байланысты Елбасының айтуынша, «елдеріміздің арнаулы қызметтері мен барлаушыларының өзара ынтымақтастығының маңызы зор».
Ал Латвия президенті Вайра Вике-Фрейберги ханым бүгін қол қойылған келісім арнаулы қызметтер мен ішкі істер органдарының өзара ақпарат алмасуына түрткі болу арқылы лаңкестікпен және есірткі тасымалымен күресті күшейте түспек деп атап өтті.