Оңтүстік Қазақстан облысында "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының мүшесі екі жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының мүшесі екі жылға бас бостандығынан айрылды

Оңтүстік Қазақстан облысында "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының мүшесі екі жылға бас бостандығынан айрылды

Оңтүстік Қазақстан облыстық Сарыағаш аудандық сотының Абай сот учаскесі "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымының мүшесі 31 жастағы Асхат Ниязовты жалпы тәртіпті абақтыға екі жылға қамауға үкім шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Абай сот учаскесінің төрағасы Аманжол Рахметов хабарлады.

  • 11 Қазан 2004
  • 375
Фото - Caravan.kz

А.Ниязов Абай ауылындағы базарда «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымының Ташкенттегі жарылыстар туралы мәлімдемесі жарияланған үнпарақтарды таратып жүрген жерінен биылғы жылдың сәуір айында қолға түскен. Оның үйінде жүргізілген тінту кезінде «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының әдебиеттері мен діни араздыққа үндейтін үнпарақтар табылған. Осындай жағдайлардың барлығы да оған қатысты қылмыстық іс қозғауға негіз болды.

Сот мәжілісі барысында А.Ниязов діни алауыздық тудырғаны және заңсыз қоғамдық бірлестіктің жұмысына қатысқаны үшін айыпталды.
Бұл Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарының «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының мүшелеріне биылғы жылы шығарған сегізінші айыптау үкімі.

Перейти к новостям спорта