Абай қаласында балаларға гепатитке қарсы вакцина егу шарасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай қаласында балаларға гепатитке қарсы вакцина егу шарасы басталды

Абай қаласында балаларға гепатитке қарсы вакцина егу шарасы басталды

Бүгін, 11-қазанда Қарағанды облысының Абай қаласына балаларға гепатиттің "А" түріне қарсы егуге арналған "Хаврикс" препаратының алғашқы партиясы жеткізілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Мемлекеттік санэпидқадағалау қызметінің облыстық департаментінен хабарлады.

  • 11 Қазан 2004
  • 587
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, вакцина сатып алуға арналған 9,5 млн. теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлінген.

Жұқпалы аурулармен күресуші дәрігерлердің айтуынша, вакцина барлық сатылы сараптамалар мен тексерулерден өткізілді. Абай қаласында 3-7 жас аралығындағы 3,5 мың балаға вакцина егіледі. Әрбір бала тиянақты дәрігерлік байқаудан өтіп, олардың арасынан вирусты гепатитпен бұрындары ауырмаған, яғни, иммунитет қалыптаспаған балаларға ғана вакцина егіледі.
Вакцина егу шарасы 15-қазаға дейін жалғасады.
Бүгінгі жағдаймен Абайда вирусты гепатитпен ауырғандар саны 500 адамнан асты. Күн сайын жаңадан ауырған 8-10 науқас айқындалуда.

Перейти к новостям спорта