Ақтауда құйма зауытын салу жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда құйма зауытын салу жоспарланып отыр

Ақтауда құйма зауытын салу жоспарланып отыр

Ақтауда металл құймаларын өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Маңғыстау облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасының бастығы Әділбек Көшеров хабарлады.

  • 11 Қазан 2004
  • 603
Фото - Caravan.kz

Болашақ кәсіпорын шикізат ретінде металл қалдықтары мен сынықтарын пайдаланады. Қазірдің өзінде бірқатар фирмадан металл сынықтарын өңдейтін жабдық беруге ұсыныс келіп түсті, деді Ә.Көшеров.

Зауыттың бірінші кезегі 2005-жылғы жазда пайдалануға беріледі. Болашақта зауыттың екінші кезегі пайдалануға берілу нәтижесінде түрлі пішінде металл қапталдар өндіру көзделген.
Ә.Көшеровтың айтуынша, химия, мұнайгаз, құрылыс және газ өңдеу кәсіпорындары мен транспорттық құбыр өндірістеріндегі жабдықтардың ескіруіне байланысты осындай зауыт салу қажеттігі туындап отыр.
Ә.Көшеровтың пікірінше, облыста екі бірдей машина жасау зауытының болуы қазіргі бар өнеркәсіптік инфрақұрылым негізінде зауыттарда жұмыс істейтін кадрларды іске жеге отырып, құйма зауытын құрастыруға мүмкіндік береді.

Перейти к новостям спорта