ТМД электрэнергетикалық кеңесінің кезекті 26- отырысы 19-қазанда Бакуде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД электрэнергетикалық кеңесінің  кезекті 26- отырысы 19-қазанда Бакуде өтеді

ТМД электрэнергетикалық кеңесінің кезекті 26- отырысы 19-қазанда Бакуде өтеді

ТМД электрэнергетикалық кеңесінің кезекті 26- отырысы 19-қазанда Бакуде өтеді. KZ-today тілшісіне республикадағы электр қуатын өндіруші монополист болып табылатын "Азэнержи" АҚ ұлттық энергетикалық компаниясынан хабарлауынша, кездесуге Әзербайжан үкіметінің мүшелері, Достастық мемлекеттерінің электр энергетикалық басқарушы органдарының бірінші жетекшілері, ТМД электрэнергетикалық кеңесіндегі бақылаушылар мен кеңес жұмысына дәстүрлі қатысушы ұйымдардың өкілдері қатысады.

  • 11 Қазан 2004
  • 451
Фото - Caravan.kz

Бас қосудың күн тәртібіне ТМД-ға қатысушы елдер үшін бірдей қызығушылық тудыратын мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысты мәселелер кешені шығарылады. Атап айтсақ, отырыста ұлттық энергетикалық бірлестіктердің 2004-2005-жылғы күз-қыс маусымына әзірлік барысы қаралып, ТМД және Балтық жағалауы елдерінің энергетикалық жүйелерінің бірлескен жұмысын оперативті-технологиялық үйлестіру жөніндегі комиссияның іс-қызметінің қорытындысы мен 2005-жылғы перспективасы талқыланады, ТМД электрэнергетикалық кеңесі тарапынан ұйымдастырылған ғылыми зерттеулер жоспарының биылғы орындалуы мен оны қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар сарапқа салынады. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар Достастық елдерінің электр энергетикалық жүйелерінің біруақытта жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу мәселесін талқылап, электр қуаты мен қуат көздерін транзитті тасымалдау туралы келісімді жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының іс-қызметін талдайды.

Сондай-ақ, кеңес отырысында электрэнергетикалық кеңес пен бірлестік атқару комитетінің 2005-жылғы жұмыс жоспары, «Рыноктар» және «Қоршаған орта» тәрізді жұмыс топтарының қорытынды баяндамаларын әзірлеу және басқа да кеңес жұмысына қатысты ұйымдастырушылық шаралар қаралады. Бұған қоса ТМД-Еуропа ынтымақтастығына қатысты мәселерді, 2004-жылғы қыркүйек айында Сиднейде өткен ТМД электрэнергетикалық кеңесінің президенті Анатолий Чубайс пен ЕВРЭЛЕКТРИК президенті Х.Хайдердің кездесу қорытындысын қарау көзделген.
Жалпы күн тәртібіне 27 мәселе енгізілген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТМД электрэнергетикалық кеңесі электр энергетикасы саласында Достастық елдерінің мемлекетаралық қарым-қатынастарын үйлестіру туралы ТМД үкімет басшылары 1992-жылдың 14-ақпанында қол қойған келісімге сәйкес құрылған. Кеңестің басты мақсаты — біріккен электр энергетикасы жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі негізінде мемлекеттерді электр қуатымен сенімді әрі тұрақты қамтамасыз ету бағытында өзара үйлесімді іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
ТМД электрэнергетикалық кеңесіне Әзербайжан, Грузия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинаның электр энергетикасын басқарушы органдарының бірінші басшылары енеді. Кеңесті РАО «ЕЭС Россия» компаниясының төрағасы Анатолий Чубайс басқарады.

Перейти к новостям спорта