Апат Оңтүстік-шығыс-Майқұдық автожолының бойында, мешіт ғимаратынан 300 метр жерде болған. «ВАЗ-2109» автокөлігі «Опель-Вектра» автокөлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан екі жүргізуші мен «Жигулидің» төрт, «Опельдің» екі жолаушысы оқиға орнында опат болды. Қаза тапқандар арасында 7 жасар бала да бар.