"Экспорттық кредиттерді және инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" 2004-жыл басынан бері 13 млн. доллардың 25 келісіміне қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Экспорттық кредиттерді және инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы"  2004-жыл басынан бері 13 млн. доллардың 25 келісіміне қол қойды

"Экспорттық кредиттерді және инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" 2004-жыл басынан бері 13 млн. доллардың 25 келісіміне қол қойды

Бүгін, 12-қазанда үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен өткен кеңесте "Экспорттық кредиттерді және инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ-ның ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі жұмысы туралы есебі тыңдалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қазан 2004
  • 529
Фото - Caravan.kz

АҚ басқармасының төрағасы Әлихан Смайыловтың баяндамасында айтылғандай, корпорация сақтандыру мақсатында қарау үшін 53 өтінім қабылдаса, оның 25-і бойынша 13 миллионнан астам АҚШ доллары көлемінде сақтандыру келісімдері жасалған. Корпорация таяу және алыс шетелдік әріптестердің экспорттық-импорттық қызметімен айналысушы кәсіпорын басшылары үшін еліміздің өңірлерінде кездесу-семинарды тұрақты өткізіп келеді. Корпорация клиентінің 80 проценті шағын және орта бизнеспен шұғылданушылар. Бұдан басқа, корпорация 7 қазақстандық банкімен ынтымақтастық туралы келісім жасасты және Мұхиттар аймағы және Азия қаржылық даму институттары қауымдастығына қабылданды.

Кеңесте Қазақстанның сақтандыру рыногын дамыту туралы мәселе қаралды. Атап айтқанда, қазіргі уақытта аталған салада қолданылып жүрген нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді талап ететін бірқатар проблема бар екені атап өтілді.
Осыған байланысты үкімет басшысы ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен ҚР индустрия және сауда министрлігіне елімізде екінші қайта сақтандыру қызметін ұйымдастыру жөнінде, оны мемлекеттік сақтандыру компаниясының жұмыс үрдісіне енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, үкімет басшысы Қазақстанда жеке меншік сақтандыру саласын дамытуға кедергі жасамау үшін аталған сақтандыру рыногы сегментінде мемлекеттік компания иемденетін көлемді анықтау керектігіне тоқталды.

Перейти к новостям спорта