Стамбұлда "Банк ісі және қаржыландыру" тақырыбы бойынша Түркия, Каспий және Орталық Азия аймағы елдеріне арналған халықаралық саммит өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стамбұлда "Банк ісі және қаржыландыру" тақырыбы бойынша Түркия, Каспий және Орталық Азия аймағы елдеріне арналған халықаралық саммит өтуде

Стамбұлда "Банк ісі және қаржыландыру" тақырыбы бойынша Түркия, Каспий және Орталық Азия аймағы елдеріне арналған халықаралық саммит өтуде

12-қазанда Стамбұлда "Банк ісі және қаржыландыру" тақырыбы бойынша "банк және қаржы саласының 2004-жылғы Каспий саммиті" деген ұран астында Түркия, Каспий және Орталық Азия аймағы елдеріне арналған халықаралық саммит басталды.

  • 13 Қазан 2004
  • 873
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан Республикасы қаржы министрлігінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, екі күндік форумның мақсаты — саммитке қатысушы Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан және Түркия елдеріндегі қаржылық даму туралы талқылау болмақ.

Бас қосуға қатысушылар аймақтағы ең өзекті қаржылық тауқыметтерді, атап айтсақ, ТМД елдері мен Түркиядағы банк жүйесінің даму ағымы; сақтандыру және зейнетақы қорлары саласының дамуы; экономикалық өсімді пәрмендендіру және жергілікті өндіріс саласын дамытуда банк секторының атқаратын ролі; инвестициялық мүмкіндіктер; ақпараттық және банк технологиялары туралы сарапқа салады.
Тәжікстан атынан онда республика қаржы министрінің орынбасары Шавкат Сохибов баяндама жасайды деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта