Кештікте Қытайдың Такламакан шөлін кесіп өткен Британиялық жиһанкез Ричард Грэхэм мен Ақсақ Темір туралы кітап жазған танымал жазушы Джастин Мороцци фотосуреттері мен слайдтарының тұсаукесерін жасады.
Е.Ыдырысов клуб мүшелеріне Қазақстан туралы, оның экономикалық және саяси даму қарқыны туралы, сондай-ақ, туристік әлеуеті туралы әңгімелеп берді. Қазақстан елшісі клуб кітапханасына қазіргі заманғы Қазақстан туралы және тарихи деректері бар «Kazakhstan State Directory» атты кітапты, республикада кәсіпкерлікпен шұғылдану туралы анықтамалықты, Қазақстан туралы фильмдер бар бейнедиск пен ұсынылатын туристік бағыттар мен қызметтер туралы материалдарды табыс етті.
«Travellers Club» джентельмендер клубы 1819-жылы құрылған. Дәстүр бойынша оған төрткүл дүниенің төрт бұрышын түгел кезіп шыққан танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, журналистер бірігіп, жинаған қызғылықты ақпараттары төңірегінде пікір алмасады.