Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық салада белсенді роль атқаратын болады - РФ президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық салада белсенді роль атқаратын болады - РФ президенті

Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық салада белсенді роль атқаратын болады - РФ президенті

Ресей президенті Владимир Путиннің пайымдауынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азияда қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласымен бірге кең көлемді халықаралық салада да белсенді роль атқаратын болады. Бұл туралы ол қазанның 14 мен 16-сы күндеріне белгіленген ҚХР сапары қарсаңында осы елдің бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында атап көрсетті.

  • 13 Қазан 2004
  • 548
Фото - Caravan.kz

Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылған сәттен бастап алға қойған мақсаттарын орындай алды, деді В.Путин.

«Шын мәнінде шекаралық сипаттағы тауқыметтердің басым бөлігі шешілді». «Бұл қиындықтар оның реттелуінен мүдделі әрбір ел үшін тиімді шешілді»,- деді В.Путин. Оның пайымдауынша, «бұл проблемаларды шешу Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-қызметі аясын кеңейтуге оңтайлы база қалыптастырды». «Ұйым дүниежүзінде басқаша маңыз бен ықпалға ие болды»,- деді ол.
Ресей президентінің айтуынша, бүгінде аймақ елдерінің басым көпшілігі Шанхай ынтымақтастық ұйымына бірігуге ықылас танытуда. В.Путиннің пікірінше, «бұл Шанхай ынтымақтастық ұйымының дүниежүзіндегі процестерге тигізетін әсер-ықпалы арта түскенінің айғағы болмақ». «Ықпал бұдан да арта түседі дегенге сенімім зор»,- деді РФ президенті.
Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы 2001-жылдың маусым айында құрылған. Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері біріккен. Биылғы жылдың маусым айынан бері Монғолия ұйымға бақылаушы мәртебесіне ие болған.

Перейти к новостям спорта