Депутаттардың пікірінше, бұл шараны көптеген ішкі рейстердің бюджеттен дотацияланатындығымен және бұл қаржы жемқорлық сипаттан тыс ашық пайдаланылуы тиістігімен түсіндіруге болады.
Т.Квятковскаяның айтуынша, өткен сессия барысында парламент депутаттарының тақауырымен арнаулы комиссия құрылып, ол «Эйр Қазақстан» ЖАҚ әуе компаниясының әуе тасымалы рыногынан «ысырылып қалу» жағдайын тексерген. Комиссия бұл компанияны банкроттыққа ұшырату үшін үкімет ешқандай арнайы жағдай жасамаған және оны бюджеттен кезекті қыруар қаржы бөліп сауықтыру тиімсіз деген тұжырымға келген. Алайда, депутаттық сауалда атап көрсетілгеніндей, комиссияға мүше парламент депутаттары жолаушы тасымалы саласында бәсекелестікті жойып, «Эйр Астана» ЖАҚ компаниясын бұл рыноктағы бірден-бір қатысушыға айналдыру идеясымен мүлдем келісе алмайды.
Үкіметтің депутаттарға берген жауабына сәйкес, ел ішіндегі көптеген рейстерге бірқатар аймақтық әуе компаниялары қызмет көрсетеді, ал ішкі рейстердің басым бөлігі әлеуметтік ретінде бюджеттен дотацияланатындықтан, «ҚР мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес міндетті түрде тендерлер өткізіледі. Сондай-ақ, комиссия мүшелерін үкімет «Эйр Астана» ЖАҚ рыноктағы басымдық ахуалын теріс мақсатта пайдаланып кетпеуі үшін қатаң қадағаланады деп сендірді. Депутаттардың пікірінше, қазіргі таңда монополист болып табылатын «Эйр Астана» ЖАҚ әуе компаниясына ішкі бағыттар түгелдей дерлік аймақтық компаниялардан тартып әперілген. Сондай-ақ, сыртқы чартерлік рейстерден де басқа компаниялар түгелдей дерлік ығыстырылып шығарылды.
Сондай-ақ, өз сауалдарында мәжіліс депутаттары ҚР үкіметінен әуе кемелерімен жолаушы тасымалы саласында бәсекелі ортаны дамыту және оны сақтап қалу бағдарламасын, болашақ тасымалдаушылар арасында тендерге шығарылатын рейтсердің тізімін, осындай тендерлерге қатысты монополияға қарсы мемлекеттік орган мен ҚР әділет министрлігі бекіткен нормативтік құжаттарды депутаттарға беруді өтінді.