Семейлік бір отбасы жүрегі оң жағында жаратылған қызға операция жасату үшін қаржы іздестіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік бір отбасы жүрегі оң жағында жаратылған қызға операция жасату үшін қаржы іздестіруде

Семейлік бір отбасы жүрегі оң жағында жаратылған қызға операция жасату үшін қаржы іздестіруде

Семейлік бір отбасы жүрегі оң жағында жаратылған Алина Мәулібекова есімді қызға операция жасату үшін қаржы іздестіруде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қазан 2004
  • 890
Фото - Caravan.kz

Алинаның әжесі Қорлан Жолдыбаеваның айтуынша, немересі қазір 3 айлық болып өсіп келеді. Туа сала дәрігерлер оның жүрегі әдеттегідей сол жағында емес, оң жағында жаратылғанын анықтаған. Дүние есігін аша ентікпе дертіне шалдыққан қыз біраз уақыт реанимация бөлімінде емделді. Қыздың жүрегі оң жағында екенін Алматыдағы дәрігерлер де растап отыр, сонымен бірге, Алинаның оң жағында біткен жүрегі тумысынан түрлі ақауға ұшыраған болып шықты.

Семейдегі «Венера» балалар аураханасының реаниматолог-дәрігері Рашид Мұхамеджановтың айтуынша, бұл қала үшін өте сирек кездесетін оқиға. Алайда, ағзасында мұндай ақауы бар адамдар өмір сүре алады, ол үшін операция жасату қажет. Р. Мұхамеджановтың айтуынша, мұндай операция жасауға тек Мәскеулік мамандардың ғана күші жетеді. Бірақ, дәл қазір операция жасауға болмайды, ол үшін баланың салмағы тым құрыса 13 келіге жеткенше күте тұру қажет, деді дәрігер.
Алинаның әжесінің айтуынша, бұл өте қымбат операция. Қазір отбасы қаржы көздерін қарастыра бастады.
Дәрігерлердің пайымдауынша, бала ағзасындағы мұндай ақау Семей полигонындағы сынақтардың зардабынан болуы мүмкін. Қыздың анасы, 20 жастағы Жұлдыз полигонға ең жақын орналасқан Абралы ауданының тумасы. Бұл оның тұла бойы тұңғышы.

Перейти к новостям спорта